📌Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📚 Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
📌Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
🔰Іс-шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және "Азимед " колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.
https://youtu.be/RGAtdU0Okow