Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .


Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің» студенттеріне АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация жүргізілді.

Іс шараның мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Аталмыш шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласы Абай атындағы №7 орталықтандырылған кітапхананың меңгерушісі Камшат Баймахамбет және университет медбикесі мен студенттері қатысты.

Шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеу алынып кеңес берілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.