📌 Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында кездесу өтті.
📌 Мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева және Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері қатысты.
📚 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.