Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Ұлттық ұлан №6506 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу бағытында арнайы мамандармен дәріс өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры, «Психикалық денсаулық орталығының» және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» мамандары, Әскери тергеу басқармасының өкілдері қатысты.
Сабақ барысында қатысушыларға қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығы, зиянды әдеттерге бет бұрмау қажеттілігі жеткізіліп, заңда белгіленген жауапкершілік туралы толыққанды мәліметтер берілді.
 Іс-шара қорытындысымен арнайы мамандарға тыңдаушылар тарапынан қызықтыратын сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева