Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2022 жылы 06 қазан күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы «Жеңіл өнер кәсіп және сервис колледжі» студент қыздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «АИТВ/ЖИТС-тің алдын – алуы» атты баяндамасын жасады.
Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын-алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады. Орталық маманы нашақорлық туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарын құрметтеу мақсатында тәрбие жұмыстарын өткізді.
    Мақала авторы: Н.Жургенбаев

 

https://youtube.com/shorts/BN1C8AvLluU?feature=share