Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2022 жылдың 20 қазан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығы, Қалалық ЖИТС орталығының және Психикалық денсаулық орталығының мамандары «Индустриалды-техникалық колледж» студенттеріне семинар мен науқан ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді. ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары тегін қызмет көрсетті. Яғни, әрбір келуші аты-жөнін жасырын сақтап, АИТВ инфекциясына экспресс тестілеуден өтті. Мамандар 15-20 минут аралығында талдама иесіне қорытындысын хабарлап отырды. Мақала авторы: Н.Жургенбаева