Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қалалық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Теңдік уақыты!» ұранымен өткізілген кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясының алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақсаты – Жастар арасында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға ЖИТС-тің алдын-алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич Шымкент жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкері жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы  тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.