Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында студенттерге кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының маманы Умарбекова Айнұр, Шымкент қаласынын Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржанның қатысуымен, кәмелетке толмаған жастар арасында нашақорлық, АИТВ-инфекцияның алдын алу мәселелері және АИТВ-инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау (стигматизация мен кемсітушілікті алдын алу) жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақаланың авторы: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы Н.Жургенбаева.