7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Шымкент қаласының ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты: тұрғындардың АИТВ статусын анықтау, АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары жайында түсінік беру.
Аталмыш күні инфекционист, психолог, гинеколог, эпидемиолог мамандары кеңес берді. Адамдар АИТВ-ны анықтау үшін жедел тестілеуден өтіп, 15 минут ішінде өздерінің АИТВ статусын анықтай алды. Анализ анонимді түрде қабылданды. Жедел тестілеуге - 34 адам, ИФА-ға - 45 адам қан тапсырды, 31 адам дәрігерлерден кеңес алды.
ЖИТС орталығының АИТВ – инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу шаралары толық тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде көрсетіледі.
Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы.