Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Яғни балалардың өмірін сғыстан  қорғау, тыныштығын, тәтті ұйқысын бұзбау,  алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Балалар – біздің болашағымыз, бастаған істеріміздің жалғастырушысы. Сондықтан  олардың бақытты болуы үшін еш аянбауымыз қажет. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

     Аталмыш жылдан бері жаздың алғашқы күнін көптеген мемлекеттер Халықаралық балаларды қорғау күнімен бастайды. Бұл күн демалыс күніне сәйкес келмей қалса да нағыз мерекеге айналады. Сол күні демелыс орындары, кинозалдар мен театрлар балалар үшін қызмет көрсетеді. Барлық жақсы нәрселер тек, соларға ғана арналады.

     Осы мерекені тойлаудың басты мақсаты – жұртшылық назарын проблемалы балаларға, олардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде өсуіне көз жеткізу болып саналады.

        Автор: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  маманы Ахмедова Э.С.