Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Медицина қызметкерлері күніне арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасының іс-шараларын іске асыру және медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру мен спортты насихаттау мақсатында 2023 жылдың маусым айының 10 күні Шымкент қаласында Медициналық қызметкерлерінің спартакиадасы өтті.  Спартакиадаға медициналық қызметкерлер арасында 42 команда - волейбол, футбол, теннис, арқан тарту, жүгіру сияқты спорттың түрлеріне қатысып, бұқаралық  халықты спортқа еліктіруге үлестерін қосты.  Спартакиадаға ЖИТС орталығының ұжымы да қатысып, волейболдан  екінші орынды иемденді. Спартакиада соңында кубок және тағы басқа сый - сияпаттармен марапатталды.

     Мақаланың авторы: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С