Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

11.07.2023 ж .     АИТВ  ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ

     Туберкулез диагнозы анықталып, қойылғаннан кейін «Мен қалай ауырдым? Неге мен? Мүмкін олар диагнозбен қателескен шығар ... Әрі қарай не болады? Осымен бәрі бітті ме? Мен өлемін бе?..» деген сияқты сұрақтар туындайды. Сонымен бірге сенімсіздік пайда болады және мұндай жағдайға тап болғанда, адамдар кез-келген жерден ақпарат жинай бастайды. Әрбір үшінші сөзі ғана түсінікті ғылыми мақалаларды оқып, бір кездері ауырған таныстары бар адамдардан кеңес ала бастайды. Алайда, дұрыс жеткізілмеген және күмәнді ақпарат әлдеқайда көп зиян тигізетінін есте сақтаңыз!

      Иә, сіздің өміріңізде бірқатар  сынақтар болады. Туберкулез тұмау секілді иммунитет күшімен уақыт өте өздігінен жазылмайды. Керісінші емін кештеткен сайын микобактериялар көбейіп, денеге жайыла түседі. Орныққан жеріндегі тіндерді кеулеп жеп, орны қайта толмастай опырып тастайды. Туберкулез микобактерияларын тек қана арнайы дәрі дәрмектер ғана өлтіре алады. Емі неғұрлым ерте басталған сайын ол із-түссіз, орны да қалмай жойылып кетеді. Туберкулез ауа тамшысы арқылы жұғатынын есіңізде ұстаңыз, жақындарыңызды жұғудан сақтаңыз!

       АИТВ анықталған науқастар, өкпе туберкулезін дер кезінде анықтау мақсатында жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтуі тиіс. АИТВ жұқпасына шалдыққан жандар  туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болулары керек және сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексерту мақсатында, емханаға тез арада қаралулары қажет. Туберкулездің ең алғашқы басты белгілері: жөтелдің  2 аптадан астам уақытқа созылуы,  қатты шаршау,  әлсіздік ,  тәбеттің  төмендеуі, дене салмағының азаюы, кеуде қуысының ауыруы, түнгі  уақыттағы терлеу, дене қызуының  көтерілуі. Өкінішке орай, науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бөлмей, ауруды  асқындырып алады. Жоғарыда аталған белгілерді байқап жатсаңыз, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.

      Туберкулезді  және АИТВ-ны емдеу елімізде ТЕГІН!