Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

       LIAISON XL — адамның биологиялық сұйықтықтарын автоматты түрде талдауға арналған еркін қолжетімді иммунохилюминесцентті анализатор. Аталмыш анализатор ИФА-мен салыстырғанда  сезімтал және спецификалық (нақтырақ) болып келеді, өлшеу жүйесі «тікелей» иммунохилюминесценцияға негізделген. Анализатор антигеннің оптикалық тығыздығын бөлек, антидененің тығыздығын бөлек санап шығып, нәтижесін береді. Оң нәтиже көрсеткен науқастардың антигенінің оптикалық тығыздығын салыстырмалы талдау нәтижесінде АИТВ-ны жақын арада жұқтырғанын білуге болады.   

       Анализатордың артықшылығы анализ қортындысын жылдам, небәрі 25 минуттан кейін шығара бастайды, келесі анализдердің нәтижелері бір минут сайын шыға береді. Бұл анализатор толық автоматтандырылған контоминацияның (contaminatio; лат. араластыру) кез келген қоспаның түсуіне, биологиялық материалдың (қанның) бір-бірімен арласып кетуіне жол бермейді, зертханашының шатасып кету мүмкіндігін азайтады. Өндірістің қуаты сағатына 100 талдау шығарады.

     Жаңа ИХЛА анализаторын іске қосу нәтижесінде АИТВ инфекциясын ерте диагностикалауға, күмәнді нәтижелерді төмендетуге қол жеткізілді.

 

Мақаланың авторы: Шымкент қ. ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.