Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .


М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясын, нашақорлықтың алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Саматаева Гулнор, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, және М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.
Кездесуде қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ-инфекцияның алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпараттар беріліп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысу мақсатында сөз қозғалды. Сала мамандары өзінің бағыттары бойынша баяндама әзірледі. Мамандар жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғауға (стигматизация мен кемсітушілікті алдын алу) шақырды.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева