Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

Светлана 20 жылдан бері ВИЧ инфекциясымен өмір сүріп келеді. Дәрігерлердің тұрақты нұсқауын орындап, АРТ препараттарын үзбей қабылдайтын пациенттің вирусологиялық және иммунологиялық керсеткіштері жақсы дейді мамандар.

61 жастағы тұрғынның екі қызы мен немерлері бар. Азаматша тұрақты жұмыс істеп, бала-шағасының жағдайын жасауға көмектесіп жүр.

Светлана 10 жыл бойы бас бастондығынан шектеу жазасына шектеліп, жабық калонияда жазасын өтеп шыққан. Темір тордың ар жағында жатқан азаматшадан дәрігерлер 2009 жылы ВИЧ инфекциясын анықтаған.Қауіпті инфекцияға шалдықанын естіген азаматша алғашқыда сенбей,емделуден бас тартыпты. Бірақ уақыт өте келе, пациент инфекциямен күресуге шешім қабылдап, дәрігерлердің айтқанын тұрақты орындап келеді.

10 жылдан аса уақыт пациент өзінің есірткіге тәуелді болғанын айтады. Азаматша тамырішіне есірткі қолданып келген. Зиянды әдетке әуес болған науқас ине арқылы ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Түрлі тағдырдың сынағына тап болғанымен, оған еш мойымай өмір сүріп келеді.

 

Светлана өзі сынды тағдырлас жандарды ВИЧ-инфекциясымен күресуде қорықпай, дәрігерлердің айтқанын тұрақты орындап және өзгелер сынды қалыпты өмір сүруге шақырады.