Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Қызылша — балаларда жиі кездесетін өте жұқпалы ауру. Бұл аурумен сырқаттанған баланың халі қатты нашарлайды. Дерт жұққан алғашқы күндері баланың тамаққа зауқы соқпай, мұрнынан су ағып, жөтеледі. Көзі жасаурап жарыққа қарай алмайды. Температурасы көтеріліп, жөтелі күшейе түседі.  Еріндері кезеріп, тамақ ішкісі келмейді. 3—5 күн өткен соң ұртында ұсақ ақ теңбілдер пайда болады. Тамағы қызарады. Күннен-күнге баланың жалпы жағдайы нашарлап, денесінің қызуы көтеріле береді. Ауырған күннен бастап арада 6—7 күн өткенде бетіне, құлақтарының сыртына, мойнына қызыл бөртпелер шығады, ал келесі күндері дәл осындай бөртпелер көкірегіне, қарнына, қолдарына, ал сонан соң шаттарына, аяқтарына шыға бастайды.

       Қызылшамен ауырған бала айналасындағы сау балалар үшін бірінші күннен бастап қауіпті. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері білінісімен тез арада дәрігерге хабарлап, ауру баланы сау балалардан оқшаулаған жөн. Ауру баламен бірге болған балалар 17 күн бойы бала бақшаға, мектепке жіберілмейді. Қызылшамен ауырған бала үйде дәрігердің бақылауымен емделеді. Егер баланың жағдайы нашар болса, онда оны аурухананың оқшауланған бөлмесіне орналастыру керек.

Автор: Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.