Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығымен» бірлескен жоспары бойынша Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығында АИТВ-инфекцияның алдын алуына арналған, жастар арасында науқан өтті.
Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Көшбасшылық – Қауымдастықтарға!» ұранымен өткізілген науқанда жастарды тексерілуге талпындыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында АИТВ-жұқпасына жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстары ұйымдастырылып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берілді.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің мамандары Н.Жургенбаева,Ж.Байсалбаева.