Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

 

      Дүниежүзілік ЖИТС – пен күрес күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы Еңбекші аудандық №1 ХҚК бөлімінде <<Көсбасшылық – Қауымдастықтарға!>> деген ұранмен науқан өткізді. Халық арасында АИТВ жұқпасына жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстары жүргізіліп, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңестер берілді. АИТВ – инфекциясын алдын алуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының мамандары Д.Кутмамбетова,Г.Елемесова.