2023 жылдың 29 – қарашасында Шымкент қалалық № 13 емхананың ЖДО жастар арасында Дүниежүзілік ЖИТС –пен күрес күніне орай ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандарымен «Көшбасшылық Қауымдастықтарға» деген ұранмен науқан ұйымдастырылып, өткізілді.
Жастар арасында АИТВ жұқпасына жедел –тест әдісімен талдау жүргізіліп, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңестер берілді. АИТВ инфекциясын алдын алуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері: Ф. Абдиева, У. Байдилдаева