Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасыннда 1 – желтоқсан, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай университет студенттері мен оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
«Емдеу ісі» факультетінің деканы, м.ғ.к. Абдрахманова А.С, «Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Утепбергенова Г.А, ЖИТС- орталығы бас дәрігерінің орынбасары Маширов Қ.Н. баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, диагностикалау мен емдеудегі көрсеткіштер мен жетістіктер, атқарылып жатқан профилактикалық шаралар талқыланды. 60 студент, болашақ дәрігерлер қатысты.