Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2023 жылдың 1 желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназиясында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясымен бірлесіп оқушыларға ғылыми-тәжірибелік форум ұйымдастырылды. Форумда жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағлұмат беріліп зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған шара барысында «ХВАРАНГ» таеквондо академиясының спортшылары өнер көрсетіп, №65 мектеп-гимназиясының оқушылары тақырыпқа байланысты сурет көрмесін ұйымдастырды. Өз кезегінде жас буын өздерінің білген – түйгендерін ортаға салып ой бөлісті.