Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 2023 жылдың 1- желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС –пен күрес күніне орай «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен, ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандарымен «Көшбасшылық Қауымдастықтарға» деген ұранымен студенттер мен оқытушылар арасында Халықаралық деңгейде, гибритті форматта ауқымды конференция ұйымдастырылып, өткізілді.
Өз еркімен тексерілем деушілерге АИТВ жұқпасына жедел –тест әдісімен талдау жүргізіліп, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңестер берілді. АИТВ инфекциясын алдын алуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері: Ф. Абдиева, У. Байдилдаева