Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

      Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да стигма мен дискриминация және медициналық этика, деонтология жайында семинар өткізілді. Іс-шараның өтілу мақсаты стигманың қалыптасу процесін түсіну: таңба салу, тіл тигізу, стереотипке, кемсітуге және қанауға ұшырату.  Өз стереотиптерінің және көзқарастарының халықтың осал (инемен есірткі тұтынушылар, секс қызметшілері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар) топтарымен жұмыс істеу тәжірибесіне ықпал ететінін талдау және оны түсіне білу, стигма мен дискриминацияны алдын алу.

      Мекеменің үйлесімді жұмысының негізгі шарты - мінез-құлық мәдениеті мен басшылық пен қызметкерлер , сондай-ақ науқастар  арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Сондықтан семинар барысында қызметкерлер жұмыста қызметтік этиканы ұстануға, контактіні барлығына ұнамды және тиімдірек етуге талпындырылды.  

 Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы