Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📢 02.02.2024 ж. ЖАСТАР ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 🏫 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарына дәріс өтті.

👩🏻‍🏫 Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының маманы Жургенбаева Назира қатысып, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ-инфекциясын жұқтырмаудың амалдары  жөнінде айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.