Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

08.02.2024 жылы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында семинар өтті.

2024 жылдың 08 ақпан күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Қалалық ЖИТС орталығының маманы Индустриалды-техникалық колледж  студенттеріне науқан ұйымдастырды. Қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  көрме  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешті.

Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға  үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.