19.02.-20.02.2024 ж. Шымкент қалалық № 10 емханасының медицина қызметкерлерімен семинар-дәріс өтті.
Шымкент қалалық № 10 емханасының медицина қызметкерелрімен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевичтың қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Семинарда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» жөніндегі орталығының эпидемиолог-дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич қатысып, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы, 2020 жылғы 25-қарашадағы ҚР ДСМ-204/2020 АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы бұйрықтарының талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.