Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

16.02.2024 ж. Жасөпірімдер арасында кездесу өтті.

Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастырумен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-эканомикалық колледж жастары арасында АИТВ-инфекциясының және Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша арнайы мамандармен кездесу өтті.

Мақсаты:жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Іс-шараға Шымкент қаласы “ЖИТС”тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Дәрігүл Жұмағалиқызы және Тұран ауданы кәмелетке толмаған істері жөніндегі полиция аға лейтенанты Ильяс Серікболсын қатысып жастар сұрақтарына жауап алды.