Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

16.02.2024 ж. «АИТВ-инфекциясын алдын алу»  тақырыбында дәріс өтті.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында Энергетика және байланыс колледжінің жастарына кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты; АИТВ- инфекцияны алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесуде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің маманы Жургенбаева Назира қатысып, кәмелетке толмаған жастар арасында, АИТВ- инфекцияны алдын алу мәселелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0