Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова,  №13 қалалық емханада медициналық қызметкерлердің арасында  семинар өткізді,  іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова