Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📢 22.02.2024 ж. «Сәлем» әлеуметтік қалашығында жастарға квест өтті.
🏫 «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің» студенттеріне семинар және квест ұйымдастырылды.
👩🏻‍💼 Кездесу барысында «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📖 Бағдарламаға үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.
Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті.