Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы 14-29 жастағы жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына бағытталған шараларын жүзеге асыру жөнінде ортақ жұмыс жүргізу мақсатында Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум жасасты. Осы меморандумның тармақтарын орындау мақсатында 2018 жылдың 16 наурыз айында ОҚО әкімшілік басқармасының мамандарымен бірге жастармен кездесу өткізді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, облыстық дін істері басқармасы, облыстық спидтің алдын алу және онымен күресу орталығы, облыстық наркодиспансер және облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері жастармен кездесті.

Кездесу барысында АИТВ - жұқпасын алдын алу, репродуктивті денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру, ерте жүктілікті, құқықбұзушылықтың, есірктіге қарсы зиянды әдеттерден нашақорлықтан арылу және түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау мақсатында жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева