Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

26.02.2024 ж. АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🏫 Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медицина колледжінің жастары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

👩🏻‍🔬Кездесуге Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» дәрігері Азизхан Қазақбаевич, Студенттік емхана емдеу мекемесинің басшы орынбасары, дәрігер, кардиолог, нарколог Байдуллаев Тимур Батырович қатысты.

📊 Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында кеңінен мағлұмат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.