📢 26.02.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жастарымен кездесу өтті.
🏫 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының орыс тілі курсы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының" маманы Кутмамбетова Дариғүл Жұмағалиқызымен кездесу өткізді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында ұйымдастырылған кездесу барысында қоғамда ЖИТС пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👩🏻💼 Кездесуде ЖИТС және АИТВ-инфекциясының берілу көздері, алдын алу жолдары, онымен байланысты стереотиптер, АИТВ-позитивті мәртебесі бар немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарға қатысты кемсітушілік, жедел тестілеу мәселелері бойынша тексеру, сондай-ақ ерікті анонимді және құпия медициналық негізгі мәліметтер туралы, сонымен қатар, өскелең ұрпақтың моральдық-адамгершілік және жыныстық тәрбиесінің маңыздылығы туралы айтылды.
📖 Қорытындылай келе, сала маманы Дариғүл Жұмағалиқызы сұрақтарға жауап бере отырып, студенттерге болашақта жақсы білікті маман болуға тілегін білдірді