Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне науқан өтті.
🏥 2024 жылдың 03 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен науқан өткізілді. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
📑 АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👩‍🏫 ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді.