Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұжымы мейірбикелер күнін атап өтті.

      12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні. Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Шымкент қаласының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың  ұжымы да мейірбикелер күнін атап өтті. Мереке барысында орталықтың бас дәрігері Бекен Сырбек мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, Мирзахамдамова Нулуфар Камалқызын Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы атынан алғыс хатпен, Елемесова Гүлнар Мырзабаевнаны, Сайфуллаева Ләззат Абдулаевнаны сый-сияпатпен марапаттады.

       Мереке қонағы «AQNIET»  Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптікодағы ҚБ Шымкент қаласы жәнеТүркістан облысы филиалының төрайымы Агниязова Рита Сакеновна ұжымның мейірбикелерін мерекелерімен құттықтап, Сиримбетова Ақмарал Иманалиевнаға «Денсаулық» Республикалық оңалту орталығына тегін жолдама берді, Батырбекова Ләззат Нұрмаханбетовнаны кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапаттады. Мереке барысында мейірбикелерге арнап, музыкалық қойылымдар қойылды.    

        Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!