Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

17.05.2024 «ДауМед» медициналық орталығында акция өткізілді.

    «ДауМед» медициналық орталығының мәжіліс залында Жастар денсаулығы орталығы және Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай  индустриалдық- техникалық колледж студенттерінің  арасында  акция өткізлді.

      Акцияның мақсаты – қоғамды ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

      Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студентерге  4-буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді. Студентердің арасында ақпараттық парақшалар таратылды. Таралымы  саны - 70 парақша.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігер Байкасова А.Т.