07.06.2024ж. «Психикалық денсаулық орталығында» 26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді
«Психикалық денсаулық орталығында» 07.06.2024 жылы «26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай «Ашық есік күнін» өткізді. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары осы іс-шараға белсенді қатысты.
Науқаның мақсаты: қоғамда ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС нашақорлық мәлелерды қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Халықтын арасында әлемді жайлаған есірткі дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Есірткі - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.
Есірткінің - жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілерге және студентерге тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін15- 20 минут ішінде алуға болатыны айтылды. Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.
Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы