Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының  ЖИТС-орталығына – 35 жыл

Шымкент қаласының ЖИТС-орталығына – 35 жыл толуына орай,  «Ақниет» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы Б.С.Бақтыбаеваның ұйымдастыруымен ЖИТС орталығында салтанатты жиын өткізілді. Жиынды ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек ашып, орталықтың қызметкерлерін аталмыш мерекемен құттықтады, орталық қабырғасында 25-35 жыл еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді ерен еңбектері үшін  алғыс білдіріп, «құрмет грамотасымен», сый-сияпатпен марапаттады. Жиын барысында отрталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Маширов,  бас дәрігердің медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары А.Ж.Медетова қызметкерлерді ЖИТС орталығында адал еңбек етулерімен, медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру ісіндегі қажырлы еңбектері үшін жылы лебіздерін  білдірді. Орталықтың ардақты ардагерлері де жүрек жарды ыстық, ізгі ниеттерін ризашылықпен жаудырды.

Жиын соңында қызметкерлерге  арнап ән айтылды.

Құрметті ЖИТС орталығының қызметкерлері Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!