Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Соңғы төрт жылда Шымкентте балалар арасында АИТВ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелмеген

          Ана және АИТВ - бұл екі үйлесімсіз ұғым сияқты көрінеді.  

          Қазіргі уақытта заманауи медицинаның жетістіктері  - «егер әйелде АИТВ бар болса, дені сау бала тууға бола ма?» - деген сұраққа «Иә» деп жауап беруге негіз болды.

         АИТВ күрделі және қауіпті вирус екені даусыз. Оған қарсы тұру үшін өзіңіздің АИТВ статусы туралы білу маңызды және ол үшін АИТВ-ға тест тапсыру жеткілікті. Айта кету керек, біздің еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес, барлық жүкті әйелдер міндетті түрде екі рет жүктілікке тіркелу кезінде 12 аптадан кешіктірмей және 28-30 аптада АИТВ-ға тестілеуден өтеді. Ал егер АИТВ анықталса, бұл өлім үкімі емес.

          АИТВ тестінің оң нәтижесі жеке бақыттан бас тартуға ешбір себеп емес. Балалы болуды қаласаңыз, жоспарласаңыз болады. АИТВ статусы оң болса да, сіз сау баланың анасы бола аласыз. Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында жүктіліктің АИТВ-инфекциясының одан әрі дамуын немесе асқынуын жеделдететіні туралы ғылыми дәлелдер жоқ және біздің тәжірибемізде де болған емес. 

          Баланы даму патологиялары мен құрсақішілік аурулардан қорғау үшін, барлық жүкті әйелдер сияқты, АИТВ-оң статусы бар әйелдер де өмір салттарын салауатты өмір салтына өзгертуі керек. Алкогольден, темекіден және әрине, есірткіден толық бас тарту - дені сау балалардың анасы болу үшін қажет. Өйткені балалар сіздің болашаққа деген үмітіңіз, бұл - сәтті терапия мен өз денсаулығыңызды күту үшін ең жақсы ынталандыру болып табылады. Бірақ ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де АИТВ індетін жұқтырған болса, бала туу мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарауы керек. АИТВ жұқтырған әйел балаға АИТВ жұқтырмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті. Бұл тәуекелді белгілі бір ережелерді сақтау арқылы ғана айтарлықтай азайтуға болады. АИТВ-инфекциясының әйелден нәрестеге тек үш жолмен берілуі мүмкін екенін ескерсек: 1. жатырда, 2. босану кезінде, 3. емізу кезінде – баладағы қауіп-қатерді азайтуға бағытталған алдын алу шаралары сол бағытқа  сәйкестендіріледі.

Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығына жүгінген кезде АИТВ статусы бар жүкті әйел инфекционист, гинеколог, педиатрдың кеңесін алады; барлық қажетті талдаудан өтеді (вирустық жүктеме, иммундық статус және т.б.), содан кейін әйелге антиретровирустық (АРВ) препараттар тағайындалады. АРВ препараттарды дұрыс қабылдаған кезде қандағы вирустың мөлшері айтарлықтай азайып, туылмаған балаға АИТВ жұқтыру қаупі төмендейді. AРВ препараты әр әйелге жеке тағайындалады. Маңызды шарт - таблеткаларды өткізіп жібермей, үздіксіз қабылдауды жалғастыру. Оларды қолдану ұрық пен жүкті әйелдің өзі үшін қауіпсіз екендігі дәлелденген. ЖИТС орталығында дәрілер тегін беріледі.

          Қолданыстағы клиникалық хаттаманың ұсынымдарына сәйкес, дәрі-дәрмектің тиімділігі әр 2 ай сайын және жүктіліктің соңына яғни босанғанға дейін  жүйелі түрде тексерілуі керек. Осының барлығымен жүкті әйелге тұрғылықты жері бойынша босанғанға дейін тіркелген емханада бақылауды жалғастыруы керек. Босану табиғи немесе хирургиялық болуы мүмкін, шешімді босанатын әйелдің жағдайын ескере отырып, гинеколог (емдеуші дәрігер) қабылдайды.

        Емшек сүтінде АИТВ болатындықтан, баланың емізуіне жол берілмейді, ол тек жасанды сүтпен қоректендіріледі. Нәрестеге  AРВ дәрілік сироп тағайындалып, 6 апталық профилактикалық курсын алады. Одан әрі туылғаннан кейін 18 айға дейін ол ЖИТС орталығының бақылауында болады, АИТВ сынамасының 4 теріс нәтижесінен кейін ғана баланың дені сау және АИТВ жұқтырмаған деген қорытындыға келуге негіз болады.

          2021-2024 жылдар аралығында Шымкент қаласының ЖИТС орталығында аталған ұсыныстарды орындаған аналардан балаларға АИТВ жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. Шымкентте АИТВ індетін жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелгелі бері АИТВ  жұқтырған аналардан 677 дені сау бала дүниеге келген. Олардың әрқайсысының дүниеге келуі тұтас бір тарих– ата-ананың сенімі, үміті, күмәні мен уайымынан бөлек, медицина қызметкерлерінің табанды да қажырлы еңбегі, қалаған дені сау баланың дүниеге келу қуанышы. Олардың арасында көп балалы аналар бар, мысалы:

-     4 баладан кейін АИТВ жұқтырған Ақтолқын, емнен кейін әдемі егіз, қыздарды дүниеге әкелді.

-     Науқас Фахрия 45 жасында жүкті болып, сау 4-ші баланы дүниеге әкелуге шешім қабылдады.

-       Бота өзінің ВИЧ-инфекциясы туралы 5 баланың анасы болғаннан кейін білді, содан кейін антиретровирустық терапия аясында тағы 2 сау баланы дүниеге әкеліп, «Алтын алқа» иегері атанды.

-  Айжан, 2006 жылы бала кезінде ауруханаішілік ошақта АИТВ инфекциясын жұқтырған, қазір тұрмыс құрып, екі сау баланы дүниеге әкелді.

          Жүктілік кезінде АИТВ-инфекциясы анықталса, құрсақтағы балаңызға АИТВ жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды жедел бастау үшін мүмкіндігінше тезірек ЖИТС орталығына хабарласыңыз!   

        Балаңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін есте ұстаған жөн! Егер сізде АИТВ бар болса және дені сау балалы болуды жоспарласаңыз, жүктілікке дейін ЖИТС орталығына баруыңыз керек!