Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 

Шымкент қаласында облыстық (қалалық) денсаулық сақтау басқармаларының, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру саласындағы заңнаманы қолдану бойынша тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі жаттықтырушысы – «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Жарылқасынқызы Ізден.

Тренинг барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың барлық кезеңдерінің: тақырыптарды қалыптастырудан, жария талқылаудан, бекітуден, бюджеттік өтінімге енгізуден, техникалық ерекшелікті әзірлеуден бастап, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін мониторингілеу және бағалауға дейін проблемалық мәселелері талқыланды.

Қатысушылар ұйымдастырушылар мен жаттықтырушыға тренингтің креативті форматы үшін алғыс білдірді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезінде кедергілер тудыратын проблемалық мәселелер қызу талқыланды.

Тренинг  ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қордың KAZ-HRAC/3508 «2024-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында халықтың негізгі топтары арасында АИТВ індетін тежеу бойынша тұрақты стратегиялық шараларды іске асыру» гранты шеңберінде өткізілді.