Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ЖИТС орталығында иммунитет жағдайын анықтайтын жаңа анализатор іске қосылды

      Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында, «LabTech-Qaz» ЖШС демеушілігімен, қандағы жасушалар санын анықтайтын, Beckman Coulter (АҚШ) фирмасы шығарған жаңа, жоғары технологиялық DxFLEX ағынды цитометрі іске қосылды.

       Жаңа цитометр жұмыс барысында жасушаларды зерттейтін флуоресцентті ағынды цитометрия әдісін пайдаланады. Сынақ нәтижелеріне адам факторларының әсерін азайту мақсатында, DxFLEX цитометрі автоматты үлгі жүктеушімен жабдықталған. Жаңа цитометрдің өнімділігі - 23 минутта 32 түтікті қамтуы,  яғни  зерттеу нәтижелерін жылдам алуды қамтамасыз етеді. Леви-Дженнингс графиктерін пайдалану жолымен құралдың параметрлеріне ішкі зертханалық бақылау жүргізіледі.

      Шымкент қаласының  ЖИТС орталығында 1853 науқас диспансерлік есепте тұр.  Науқас жағдайының ауырлығы, қосалқы аурулардың болуы және антиретровирустық терапияны қолдануы ескеріле отырып, зертханалық бақылаулар жүргізіледі. Жаңа анализатордың көмегімен алынған зерттеу нәтижелері, дәрігерге пациенттің иммундық жағдайы туралы толық клиникалық ақпарат алуға және қажет болған жағдайда, емдеу шараларына уақтылы өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

      Зертхана жұмысында жаңа заманауи зерттеу әдістерін енгізу клиникалық диагностиканы жақсартуға және емдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. DxFLEX цитометрін, тек АИТВ-мен ауыратын науқастарда ғана емес, сонымен қатар басқа иммун тапшылығы жағдайлары, аутоиммунды, аллергиялық патологиялар, онкологиялық аурулар диагностикасында қолдануға болады.

 Байсалбаева Ж.М. ЖИТС орталығының зертхана маманы