Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Антына адал ақ халатты - абзал жан

          Қысмұратова  Гауһар Тоқтасынқызы Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлесін  қосып келе жатқан  білікті маман.  Гауһар Тоқтасынқызы Шымкент қаласының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының зертхана бөлімінде 2003 жылдан бері белсенді қызмет етіп келеді.  2009 жылдан бастап зертхана бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.  Қызмет еткен жылдары білікті маман, 2006-2007 жылдары АИТВ індетін жұқтырған балалардың ошағында жұмыс істеп, індетті жұқтырған балаларды, аяғы ауыр аналарды анықтауға белсенді ат салысқан, ПТР зертхананың толыққанды жұмыс істеуіне ықпал еткен.

         2009-2014 жылдары зертхананы «Клиникалық және зертханалық стандарттар институтының» (CLSI, АҚШ) бағалау сапарына дайындап, нәтижесінде 2014 жылы аталмыш институттың қызметкерлері ЖИТС орталығының зертхана жұмысына ең жоғарғы 240 ұпай  берген.

       Гауһар Тоқтасынқызы  2017 жылдан АИТВ-ны анықтауға арналған жылдам тест жұмысын бағалау үшін «кептірілген түтік үлгісін» (Высушенный пробирочный образец ВПО) Республика бойынша енгізуге, 2020-2022 жылдары COVID-19 вирусын ПТР әдісімен анықтауға ат салысқан. Білікті маман кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ТМД елдерінен басқа Турция, Италия, Германия, Корея мемлекеттерінде тәжірбие алмасқан. 

      Соңғы жылдары Зертхананы автоматтандыру, жаңа инновациялық технологияларды енгізу, жұмыс сапасын жақсарту,  мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ЖИТС орталығының зертханасына жаңа технологиялық анализаторлар енгізілді.  2020 жылы зертхана Ұлттық аккредитация орталығының СТ РК ISO15189-2015 аккредитациясын алды.

          Қысмұратова  Гауһар Тоқтасынқызы  ерен еңбегі үшін бірнеше рет  жоғары тұрған ұйымдардан алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын алған.   2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

 Автор: Ахмедова Э. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы