Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ЕЛІМІЗДЕ  ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЕМХАНАҒА

ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

 

         Жыл сайын дәстүрлі жүргізілетін емхананы таңдау науқаны  қыркүйектің 15-інде басталып, 15-қараша айлары аралығында жүргізіледі.

         Науқанның мақсаты – азаматтардың  емдеу мекемесін еркін таңдауына  мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл шара жаңадан қосылған медицина ұйымдардың келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасауға байланысты өткізіледі.Өткен жылы тіркеу науқаны барысында емхана таңдау құқығын 25934  тұрғындар пайдаланған. Жалпы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша 3 млн-ға жуық халық бар. Биыл тұрғындардың  тіркеу кампаниясына деген қызығушылығы басым. Олай дейтініміз, халық арасында күнделікті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде азаматтар науқаннан бөлек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өздеріне қатысты мәліметтерді біле бастаған.Отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі принциптерін іске асыру үшін емхананың үйге жақын маңда болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар,дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отыр. Ол бойынша 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бізде бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін. Бұл жаңа учаскелердің ашылуына түрткі болады деп үміттенеміз. Және бұл мәселеде медицина бизнесі өкілдері белсенділік танытады деп сенеміз. Өткен  жылдың  өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты. Қазіргі таңда Қордың жеткізушілер тізімінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  165  медицина  ұйымы бар. Оның  82-сі  - жеке меншік.

         Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал, egov.kz  порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады.

Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан. Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 67  ұйым қатысып жатыр.

 

Беден Ахмет Сейсенбайұлы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы

Мейрханов Талғарбек 

                                            ОҚ СПИД –тің алдын алу және онымен күресу

                                            орталығының бас дәрігері