Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы 4-5 қазанда Шымкент қаласы «Канвас» қонақ үйінің конференц-залында СПИД-орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың вакцинопрофилактикасы» тақырыбында аймақтың ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинарда ҚР ДСМ 13.06.2018ж. № 361 «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру және АИТВ-мен өмір сүретін тұлғаларға профилактикалық егу жүргізуді оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Семинарға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарының АИТВ-ға және профилактикалық егуге жауапты дәрігерлері (инфекционист, иммунолог, терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер) қатысты. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

Семинардың ұйымдастырылып, өткізілуіне «Қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы» мен «Пфайзер» компаниясы қолдау көрсетті.