Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

30.10.2018ж. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ФЛЭШМОБ ӨТТІ.

 

«ӨЗ СТАТУСЫҢДЫ БІЛ» ұранымен өткен, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2018 жылдың 30 қазан күні Шымкент.қ Техникалық колледжінің студент жастары арасында АИТВ-жұқпасын, нашақорлықты алдын алу мақсатында «ЖИТС-қауіпті дерт» атты тақырыпта арнайы сала мамандарының қатысуымен кең ауқымды науқан және флэшмоб өтті.

Науқанға  Жастар ресурстық орталығының маманы Қ.Керімбай, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары Ф.Абдиева мен Н.Жургенбаева, Облыстық наркологиялық диспансерінің маманы Р.Баймурунова қатысты.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф.Абдиева