Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

         Дүниежүзілік  ЖИТС-пен қарсы күрес күніне орай, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Түркістан қаласы Болашақ колледжінде студенттер арасында  «Өз  мәртебеңді біл!» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинар барысында студенттерге АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу,  АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.                                                      Семинар өткізудің мақсаты: жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Мақала авторы: дәрігер инфекционисті Г.Хасанова