Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық, СӨСҚО мамандары бірлесіп, Арыс қаласы №44859 әскери бөлімнің ұжымымен семинар өтті. Семинар барысында әскери қызметшілерге АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.Семинар өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., эпидемиолог дәрігері