Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 14 қарашасында №83 жалпы орта мектебинде, кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарынын басшылыққа ала отырып. Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және қалалық Наркологиялық диспансер мамандарымен іс-шара өткізілді.

Аталған шарада: АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай статистикасымен таныстырылды. Тыңдаушыларда АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсінік қалыптасып, (этиология, патогенез, клиника), АРТ мақсаты мен пациенттердің құқықтары жайлы білім алды. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды АИТВ алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және есірткіге қарсы зиянды психотроптық, күшті әсер ететін улы заттардан қорғану, алькоголдік ішімдіктерді қолданбау туралы айтылды.

 

Семинарды  ЖИТС орталығының маманы

эпидемиолог көмекшісі – Б.Тойшыбеков  жүргізді.