Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 20 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания қарсанында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен Абу Али Ибн Сина колледжінің мәжіліс залында студенттер флешмоб ұйымдастырып, көрініс қойып, интерактивті ойындарға қатысып, бейнероликтерді тамашалады. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары АИТВ/ЖИТС тарихына қысқаша шолу жасап, АИТВ - инфекцияның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай статистикасымен таныстырды. Тыңдаушыларда АИТВ/ЖИТС туралы негізгі түсінік қалыптасып, (этиология, патогенез, клиника), АРТ мақсаты мен пациенттердің құқықтары жайлы білім алды. Жастарды АИТВ алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, психикалық денсаулығын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және үнемі анализ тапсыру арқылы АИТВ статусын білуге шақырды.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева

 ВИДЕО