2018 жылдың 06 желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектеп-интернатында акция өтті.
Кездесуге Отырар аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандары қатысып АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу шаралары жөнінде мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, кездесуге оқушылар тарапынан мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды. Оқушыларға ақпараттық білім беру материалдары , слайд, бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар тарапынан флешмоб көрсетілді.
Мақала авторы: ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше дәрігер эпидемиологы Х.О.Сыздыкова